• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 31.01.2026
  • 11

ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ РЕПРОДУКТИВТІ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ

НО-9-24 г оқу тобында ерте жүктіліктің алдын алу мәселесіне арналған түсіндірме бағытындағы тәрбие сағаты өткізілді.
Аталған тәрбиелік іс-шара студенттердің репродуктивті денсаулық туралы білімін кеңейтуге, жеке жауапкершілікті сезінуіне, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға және өмірлік құндылықтарды дұрыс бағамдауына бағытталды.
Тәрбие сағаты барысында ерте жүктіліктің медициналық, психологиялық және әлеуметтік салдары жан-жақты түсіндіріліп, бұл мәселенің жасөспірімдердің болашағына тигізер әсері кеңінен талқыланды. Студенттерге репродуктивті денсаулықты сақтау, өз өміріне саналы түрде шешім қабылдау, өзін-өзі құрметтеу және болашаққа жауапкершілікпен қарау жөнінде маңызды ақпарат берілді.
Сонымен қатар, жасөспірімдердің тұлғалық дамуына әсер ететін өзін-өзі құрметтеу, өмірлік жоспар құру және саналы таңдау жасау тақырыптары қамтылып, ашық пікір алмасу ұйымдастырылды.
Топ жетекшісі: А.Төлемісова