• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 01.02.2026
  • 10

КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ - 2026

№271 Б. Ермекбаев атындағы орта мектепте оқушыларға кәсіби бағдар беру мақсатында мазмұнды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінен директордың кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары А.Бекенова арнайы барып, мектеп бітіруші түлектермен жүздесті.
Кездесу барысында оқушыларға қазіргі еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар, болашақта табысты әрі тұрақты кәсіп таңдаудың маңызы туралы кең көлемде ақпарат берілді. Сонымен қатар колледжде жүргізілетін оқу үдерісі, білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері, заманауи материалдық-техникалық база, студенттерге жасалатын мүмкіндіктер мен қолдау шаралары жан-жақты таныстырылды.
А.Бекенова өз сөзінде кәсіби бағыт-бағдарды дұрыс таңдаудың адамның болашақ өміріне тікелей әсер ететінін атап өтіп, оқушыларды өз қабілеті мен қызығушылығына сай саналы шешім қабылдауға шақырды. Кездесу барысында оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі тұшымды жауаптар беріліп, мамандық таңдауға қатысты пайдалы кеңестер ұсынылды.