КОЛЛЕДЖ МАМАНДЫҚТАРЫ АРАСЫНДА ӨТКІЗІЛЕТІН КОЛЛЕДЖІШІЛІК ФУТЗАЛ ТУРНИРІНІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ
Колледж мамандықтары арасында колледжішілік футзалдан Ұлттық колледж лигасына іріктеу турнирінің ашылу салтанаты өтті. Аталған спорттық шара студент жастар арасында бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және колледжішілік бірлікті нығайтуға бағытталды.
Турнирге колледждің түрлі мамандықтарын таныстыратын 10 команда ресми түрде өтінім беріп, жарысқа қатысуға ниет білдірді. Әр команда өзара мықтыны анықтау мақсатында турнир кестесіне сәйкес бақ сынайды.
Жарыс кездесулері әр аптаның жұма күні, сағат 13:00-ден бастап, 1,5 ай көлемінде өтеді. Осы уақыт аралығында командалар тартысты ойын өрнегін көрсетіп, жеңіске жету жолында бар күш-жігерін салмақ.
Турнир қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен командалар жүлделі орындармен марапатталып, колледж намысын қорғау үшін Ұлттық колледж лигасына жолдама алады.
Аталған турнир студенттердің спортқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, тәртіп, жауапкершілік және өзара ынтымақтастық секілді маңызды құндылықтарды қалыптастыруға зор үлес қосады.
Барша қатысушы командаларға сәттілік, ал жанкүйерлерге тартысты әрі әсерлі ойындар тілейміз!
