• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 02.02.2026
  • 14

ТАЗА ҚАЛА - ТАЗА БОЛАШАҚ

АК-9-14г оқу тобының білім алушылары топ жетекшісі Ж. Ербаеваның жетекшілігімен «Таза қала – таза болашақ!» тақырыбы аясында маңызды әлеуметтік акцияға атсалысты. Олар колледж ауласын қар мен мұздан тазалау арқылы оқу орны айналасын қауіпсіз етті.
Топ студенттері өз еркімен, ынта-жігермен аула мен жолдарды тазалап, тек оқу орнының ішкі жағдайын жақсартумен шектелмей, сол маңнан өтіп жатқан қала тұрғындарының да алғысына бөленді. Бұл іс-шара студенттердің жауапкершілік сезімін, қоғамдық белсенділігін арттыруға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға себін тигізері сөзсіз.
АК-9-14г студенттері көрсеткен азаматтық белсенділік пен ұқыптылық көңіл қуантарлық іс болды.