ХАЛЫҚАРАЛЫҚ “ORDA” ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНЕ КӘСІПТІК БАҒДАР АЛУҒА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ КЕЛДІ
Кәсіптік бағдар беру жұмыстары аясында №211 мектептің 9-сынып оқушылары Халықаралық ORDA жоғары колледжіне арнайы келіп, оқу ордасының материалдық-техникалық базасымен жан-жақты танысты.
Кездесу барысында оқушылар колледждің заманауи оқу кабинеттерін, зертханаларын, практикалық сабақтарға арналған шеберханаларын, цифрлық құрал-жабдықтармен жабдықталған аудиторияларын көріп, білім беру үдерісінің ұйымдастырылуымен танысты. Сонымен қатар колледжде оқытылатын мамандықтар, оқу бағдарламаларының ерекшеліктері, тәжірибеге бағытталған оқыту жүйесі және болашақ түлектердің еңбек нарығындағы мүмкіндіктері туралы кең көлемде ақпарат берілді.
Шара барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, колледж өмірі, студенттік орта, оқу мен тәжірибені ұштастыру жолдары жөнінде нақты жауаптар алды. Бұл таныстыру жұмысы жасөспірімдердің болашақ кәсіби бағытын саналы түрде таңдауына, өз қабілеті мен қызығушылығына сәйкес мамандықты айқындауына ықпал ететі.
Халықаралық “ORDA” жоғары колледжі алдағы уақытта да мектеп оқушыларымен тығыз байланыс орнатып, кәсіби бағдар беру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра бермек.
