• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 03.02.2026
  • 20

ТҰЛҒА ТАҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ЗИЯТКЕР СТУДЕНТ

Колледжде өтіп жатқан дәстүрлі «Үздік студент – 2026» байқауының ІІ кезеңі шығармашылық бағытта ұйымдастырылады. Аталған кезең білім алушылардың интеллектуалдық әлеуетін, кітап оқу мәдениетін, ой қорыту және пікір білдіру қабілетін терең бағалауға бағытталады.
ІІ кезең тапсырмалары қоғам қайраткері, мемлекет және мәдениет ісінің ірі тұлғасы Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына 95 жыл (1931–1998) толуына орай «Өзбекәлі және мәдени майдан» атты кітап негізінде әзірленген. Қатысушылар оқыған еңбектің мазмұнын терең түсініп, тарихи-мәдени көзқарасын, талдау және ой қорыту дағдыларын көрсетуі тиіс.
ІІ кезеңге І турдан өткен 46 студент қатысады. Байқау оқырмандар конференциясы форматында конференция залында өткізіледі. Іс-шараға Ә. Тәжібаев атындағы әмбебап кітапхана мен орталықтандырылған кітапханалар жүйесінен қазылар алқас мүшелері және басқа қонақтар шақырылады.
Аталған шығармашылық кезең студенттердің рухани дамуына, ұлттық мәдени мұраға деген құрметін арттыруға, кітап оқу арқылы ой-өрісін кеңейтуге бағытталған маңызды білімдік-танымдық алаң болмақ.
Байқауының ІІ кезеңі 20 ақпан күні өтеді.
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!