ТАЗАЛЫҚ - ИМАННЫҢ ЖАРТЫСЫ
Т-9-12г және ДШ-9-13г оқу топтарында «Тазалық – иманның жартысы» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Аталған іс-шара «ЕҢБЕГІ АДАЛ – ЖАС ӨРЕН» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Тәрбие сағатының негізгі мазмұны жас ұрпақтың бойында адал еңбекке деген құрметті қалыптастыру, тазалықты жеке адамның ғана емес, қоғамның ортақ құндылығы ретінде түсіндіру болды. Іс-шара барысында білім алушыларға тазалықтың рухани және адамгершілік маңызы, еңбекке адал көзқарас пен жауапкершіліктің өмірдегі рөлі кеңінен түсіндірілді.
Сабақ барысында қоршаған ортаны таза ұстау, қоғамдық орындарға ұқыптылықпен қарау, еңбекті қадірлеу және жеке тәртіп мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды. Студенттер өз ой-пікірлерін ортаға салып, тазалық пен адал еңбектің тұлға тәрбиесіндегі орнына ерекше назар аударды.
Топ жетекшісі - Н.Баймбетов
