• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 09.02.2026
  • 2

БІЛІМ БЕРУДЕГІ СЕНІМ МЕН САПАНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЕПІЛІ

Халықаралық ынтымақтастықты дамыту және білім сапасын әлемдік стандарттарға сай жетілдіру бағытындағы жүйелі жұмыстардың нәтижесінде Оңтүстік Корея тарапынан берілген халықаралық аккредитация сертификаттары ресми түрде Халықаралық “ORDA” жоғары колледжіне табысталды.
Аталған сертификаттар білім беру ұйымының оқу бағдарламаларының, материалдық-техникалық базасының, кадрлық әлеуетінің және білім алушыларға ұсынылатын қызметтердің халықаралық талаптарға толық сәйкес келетінін айғақтайды. Бұл — оқу орнының академиялық сенімділігі мен кәсіби деңгейінің шетелдік сарапшылар тарапынан жоғары бағалануының нақты дәлелі.
Оңтүстік Кореяның білім беру саласындағы озық тәжірибесіне негізделген аккредитациялау үдерісі барысында оқу үдерісінің сапасы, инновациялық әдістерді қолдану деңгейі, цифрлық технологияларды енгізу, сондай-ақ студенттердің кәсіби құзыреттілігін дамыту тетіктері жан-жақты сараланды.
Халықаралық аккредитациядан өту:
білім беру сапасын одан әрі арттыруға;
академиялық ұтқырлық пен халықаралық әріптестікті кеңейтуге;
түлектердің бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге;
әлемдік білім кеңістігіндегі беделді нығайтуға кең мүмкіндіктер ашады.
Бұл жетістік білім алушылардың, оқытушылар құрамының және әкімшілік ұжымның бірлескен еңбегінің нәтижесі. Алдағы уақытта да халықаралық стандарттарға сай сапалы білім беру жолындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табады.