• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 14.02.2026
  • 2

АУҒАН АСУЫНДА ОТ КЕШКЕНДЕР

15 ақпан – Ауған соғысы ардагерлерін еске алу күніне орай «Ауған асуында от кешкендер» тақырыбында «Дене тәрбиесі және жалпы білімдік пәндер» бірлестігінің тарих пәні оқытушысы Байдильдаева Динара Рысдәулетқызының ұйымдастыруымен тағылымды кездесу кеші ұйымдастырылды. Кездесуге ардагерлер, оқытушылар мен білім алушылар қатысты.
Тағылымды басқосуға Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері кеңесі қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Жакебаев Талғат Назарбекұлы (1986–1988 жж.), соғысқа қатысушылар Токишов Абдрахман Азилханұлы (1981–1983 жж.) және Ермаханов Болат Нұралиұлы (1981–1983 жж.) арнайы келіп, құрметті қонақ болды.
Шара барысында ардагерлер Ауған жеріндегі жауынгерлік кезеңдер туралы естеліктерімен бөлісіп, соғыстың ауыртпалығы, сарбаздар арасындағы достық пен бауырмалдық, Отан алдындағы адалдық туралы әсерлі әңгіме өрбітті. Олардың әрбір сөзі – бейбіт күннің бағасын терең сезінуге үндейтін өмірлік сабақ болды.
Студенттер көкейлеріндегі сауалдарын қойып, шынайы жауаптар арқылы тарихи оқиғалардың тағылымын зерделеді. Ерлікпен қаза тапқан боздақтар бір минут үнсіздікпен еске алынды. Кездесу соңында ардагерлерге құрмет көрсетіліп, алғыс білдірілді.
Мұндай тағылымды кештер – жас буынның тарихи санасын қалыптастырып, елжандылық қасиетін нығайтатын, бейбіт өмірдің қадірін ұғындыратын маңызды тәрбие алаңы. Ерлік – ұмытылмайды, ерлер есімі – ел жадында мәңгі сақталады.