ZAN CASE: STARTUP – ЦИФРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ БҰРЫШ
Колледжімізде студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған ауқымды «Заң және Зерде» жобасы өз бастауын алды. Жоба аясында «Zan Case: StartUp» цифрлық бұрышының салтанатты ашылуы және QR-кодтарды тарату акциясы ұйымдастырылды.
Аталған цифрлық бастама студенттердің күнделікті қолданып жүрген смартфондарын құқықтық көмекшіге айналдыру, заңдық ақпаратты қолжетімді әрі түсінікті форматта ұсынады. Бұл заманауи технология мен құқықтық білімді ұштастырған, жастарға бағытталған тиімді құрал болып табылады.
Іс-шара барысында қатысушыларға «Zan Case» цифрлық бұрышының мүмкіндіктері кеңінен таныстырылды. Жоба студенттерге:
құқықтық сұрақтарына жедел жауап алуға;
қиын жағдайларда онлайн кеңеске жүгінуге;
заң нормаларын қызықты әрі жеңіл форматта меңгеруге мүмкіндік береді.
QR-кодтарды тарату акциясы жүйелі түрде ұйымдастырылып, олар колледждің цифрлық бұрышында ғана емес, асхана үстелдерінде, кітапханада, спорт залында және әр аудиторияның кіреберісінде орналастырылатын болады.
Техникалық тұрғыда QR-кодтар сканерленген сәттен бастап Telegram-ботқа немесе колледж сайтындағы «FAQ» парақшасына бағытталады.
«Zan Case: StartUp» цифрлық бұрыш қана емес, студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыратын, заңды білу мен сақтауды күнделікті дағдыға айналдыратын маңызды жоба. Жоба жастардың құқықтық санасын нығайтып, қауіпсіз әрі жауапты орта қалыптастыруға ықпал ететін болады.
