• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 17.02.2026
  • 2

АПТАЛЫҚ АЯСЫНДА КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ШАРАСЫ ӨТТІ

Колледжімізде өтіп жатқан «Техникалық мамандықтар” бөлімінің апталығы аясында болашақ талапкерлерге арналған «Мамандықтар әлеміне саяхат: сынап кел, таңда, болашақты жаса!» тақырыбында мазмұны терең, тәрбиелік және бағыт-бағдарлық мәні зор кәсіби бағдар беру кездесуі ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға қаламыздағы 5 мектептен келген 9-сынып оқушылары қатысты.
Кәсіби таныстыру жұмыстарын колледжіміздің белсенді студенттері жүргізіп, оқушыларға колледжде оқытылатын мамандықтар, оқу үдерісінің ерекшеліктері, жетістіктері мен студенттерге жасалған мүмкіндіктер туралы жан-жақты ақпарат ұсынды. Сонымен қатар мамандық таңдауда ескерілетін маңызды тұстарға тоқталып, өз тәжірибелері арқылы нақты бағыт-бағдар берді.
Кездесу барысында мектеп оқушылары ашық пікір алмасып, көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, болашақ мамандықтарына қатысты пайдалы мәліметтер алды. Еркін форматта өткен бұл шара оқушылардың кәсіби қызығушылығын арттырып, колледж өмірімен жақынырақ танысуына мүмкіндік берді.
Ұйымдастырушы: Г.Н. Мергенова