• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 18.02.2026
  • 2

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ЖӘНЕ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ

Құқықтық мемлекет құру – тек заң қабылдау үдерісі ғана емес, ол қоғамның құқықтық мәдениетін арттырумен, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақты қорғаумен өлшенетін кешенді процесс. Осы бағытта құқықтық пәндер оқытушылары Кемелбеков Мұрат Есенбайұлы және Жусупова Бота Мәлікқызының ұйымдастыруымен «Конституциялық реформалар және адам құқықтары» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру сағаты өтті.
Шараға құқықтану мамандығының З-9-13 және З-9-15 оқу топтарының студенттері қатысып, елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық өзгерістердің мәні мен маңызы туралы кеңінен мәлімет алды. Кездесу барысында Ата заңға енгізілетін өзгерістер аясында адам құқықтарын қорғаудың жаңа тетіктері, заң үстемдігін қамтамасыз ету, мемлекеттік билік тармақтарының жауапкершілігін арттыру мәселелері жан-жақты түсіндірілді.
Кездесу барысында студенттер өз ойларын білдіріп, референдумның маңыздылығы мен конституциялық реформалардың қоғам дамуына ықпалы жөнінде пікір алмасты. Мұндай шаралар жас ұрпақтың құқықтық санасын қалыптастырып, белсенді азаматтық ұстанымын нығайтуға ықпал етеді.
Құқықтық мемлекет – заң үстемдігіне негізделген, адам құқығы ең жоғары құндылық ретінде танылатын мемлекет. Конституциялық реформалар осы қағидаттарды іс жүзінде жүзеге асыруға бағытталған маңызды іс болып табылады.