• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 18.02.2026
  • 2

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАҒЫЛЫМДАМА – КӘСІБИ ДАМУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

2026 жылғы 16–28 ақпан аралығында академиялық ұтқырлық шеңберінде Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінің білім алушылары мен оқытушылары Қырғыз Республикасындағы Т.Эрматов атындагы Бішкек музыкалык-педагогикалык институту базасында тағылымдамадан өтуде.
Тағылымдама 4S01140605 – Шетел тілі мұғалімі,
4S01140101 – Бастауыш білім беру мұғалімі,
4S01140601 – Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
білім беру бағдарламалары бойынша ұйымдастырылып отыр.
Бағдарламаға аталған оқу топтарының студенттерімен қатар жетекшілік етуші оқытушылар:
– Алибаева Айгүл Ерғазыевна – Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінің арнайы пән оқытушысы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті докторанты;
– Орынбасар Тұрсынай Орынбасарқызы – Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінің арнайы пән оқытушысы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің докторанты қатысуда.
Тағылымдаманың негізгі бағыты – болашақ педагог мамандардың кәсіби даярлығын жетілдіру, заманауи педагогикалық технологияларды меңгеру, халықаралық білім беру тәжірибесін зерделеу және ғылыми-әдістемелік әлеуетін арттыру.
Тағылымдама барысында қатысушылар:
институттың материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік базасымен танысуда;
тәжірибелік сабақтарға қатысып, кәсіби дағдыларын жетілдіруде;
халықаралық білім беру бағдарламаларының мазмұнын талдауда;
ғылыми-практикалық бағыттағы өзара ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастыруда.
Бұл тәжірибе Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінің білім беру сапасын арттыруға, академиялық әріптестікті дамытуға және болашақ педагог кадрларды даярлаудағы жүйелі қадамдарының бір көрінісі болып табылады.