• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 18.02.2026
  • 1

ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА – ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

Колледжімізде ЕТ-9-13 оқу тобымен «Құқықбұзушылық – қоғам дерті» тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды.
Тәрбие сағаты барысында студенттер құқық пен міндет ұғымдарының арақатынасын талдап, құқықбұзушылықтың түрлері мен оның жеке тұлғаға, отбасыға және қоғамға тигізетін кері әсерін саралады. Әсіресе, жасөспірімдер арасындағы тәртіп бұзушылықтың әлеуметтік, психологиялық себептері қозғалып, оның салдары нақты мысалдар арқылы түсіндірілді.
Жағдаяттық тапсырмалар мен пікірталас элементтері арқылы білім алушылар өз көзқарастарын ашық білдіріп, әрбір әрекеттің артында заңдық және моральдық жауапкершілік бар екенін ұғынды. Дұрыс шешім қабылдау, эмоцияны басқару және құқықтық мәдениетті сақтау – саналы азамат болудың басты өлшемі екені атап өтілді.
Тәрбие сағаты студенттердің құқықтық сауаттылығын арттырумен қатар, олардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етті.
Студенттер тәрбие сағатында белсенділік танытып, өз ойларын еркін жеткізіп, өзекті мәселелерге қатысты тұжырымды пікір білдірді.
Заңды сыйлаған – елін сыйлайды!
Топ жетекшісі: Куанышбаева Л.Д.