• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 18.02.2026
  • 2

КІТАП ОҚУ МӘДЕНИЕТІ – ЗИЯТКЕР ҰРПАҚ НЕГІЗІ

Халықаралық “ORDA” жоғары колледжінің Студенттік парламент мүшелерінің қатысуымен 17 ақпан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапхана базасында «Аудиокітап немесе қағаз кітап: сен қайсысын таңдайсың?» тақырыбында мазмұнды әрі ой салатын пікірталас өтті.
Аталған шара кітап оқуды кеңінен насихаттауға, қоғамда оқуға деген қызығушылықты арттыруға және өскелең ұрпақтың зияткерлік әрі рухани дамуына ықпал етуге бағытталды. Қазіргі ақпараттық қоғам жағдайында білім алу формаларының өзгеруіне байланысты кітап оқу мәдениетінің мәні, оның тұлға қалыптастырудағы рөлі жан-жақты талқыланды.
Пікірталас барысында қатысушылар қағаз кітап пен аудиокітаптың артықшылықтарын салыстырып, өз көзқарастарын дәлелді түрде ортаға салды. Қағаз кітаптың ойды тереңдетіп, мәтінмен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік беретіні айтылса, аудиокітаптың уақытты тиімді пайдалануға, ақпаратты жол үстінде немесе басқа іспен қатар қабылдауға қолайлы екені атап өтілді. Әрбір форматтың өзіне тән ерекшелігі бар екені, басты құндылық – үздіксіз оқу дағдысын қалыптастыру екені ерекше мәнге ие болды.
Шара қорытындысында кітап оқу формасына қарамастан, ең маңыздысы – білімге ұмтылу, рухани өсу және ой-өрісті кеңейту деген ортақ тұжырым жасалды. Сонымен қатар қатысушылар назарына «Кітап – білім негізі» атты мазмұнды кітап көрмесі ұсынылып, оқырмандардың қызығушылығын арттырды.
Аталған пікірталас жастардың сыни ойлау қабілетін дамытып, кітапқа деген оң көзқарасын қалыптастыруға ықпал етті. Осындай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың интеллектуалдық әлеуетін арттыруда маңызды рөл атқарады.
Жетекшісі: Омарова П.К.