• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 18.02.2026
  • 6

ДЕНСАУЛЫҚТЫ САҚТАУДАҒЫ ДҰРЫС ТАМАҚТАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ

ШТ-9-32г оқу тобында «Денсаулықты сақтаудағы және нығайтудағы тамақтанудың мәні» тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Аталған іс-шара білім алушылардың салауатты тамақтану мәдениетін қалыптастыруға, дұрыс тамақтанудың жас ұрпақ денсаулығын сақтаудағы шешуші рөлін терең түсіндіруге бағытталды.
Тәрбие сағаты барысында студенттер өздері дайындаған слайдтық материалдар мен ұшқыр ойындар арқылы дұрыс тамақтанудың адам ағзасының өсуі, дамуы және қалыпты қызмет атқаруы үшін аса маңызды екендігін жан-жақты ашып көрсетті. Қоректік заттардың жеткілікті әрі теңгерімді түрде қабылдануы денсаулықтың берік негізі екені нақты мысалдармен түсіндірілді.
Тиімді тамақтану – ақуыз, май, көмірсу, дәрумендер мен минералдардың ағзаға қажетті мөлшерде түсуін қамтамасыз ететін маңызды фактор екені атап өтілді. Әсіресе білім алушылар үшін дұрыс тамақтанудың зейіннің шоғырлануына, ойлау қабілетінің артуына және оқу үлгерімінің жақсаруына оң әсер ететіні кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар дұрыс ұйымдастырылған тамақтанудың иммунитетті нығайтып, түрлі аурулардың алдын алуға, еңбекке және оқуға қабілеттілікті арттыруға, жалпы өмір сапасын жақсартуға ықпал ететіні ерекше айтылды. Студенттер күнделікті өмірде пайдалы тағамдарды таңдау, зиянды әдеттерден аулақ болу және тамақтану тәртібін сақтау қажеттігі жөнінде өз ойларын ортаға салды.
Топ жетекшісі: Утешова Сая