• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 18.02.2026
  • 8

ТЕХНИКАЛЫҚ БІЛІМ – БОЛАШАҚ ЭНЕРГЕТИКАСЫНЫҢ НЕГІЗІ

Қызылорда облысы білім басқармасы мен **Халықаралық ORDA жоғары колледжінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан техникалық мамандықтар апталығы аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Халықаралық EnergyPro: Электрмен жабдықтау жүйесін жобалау және монтаж» тақырыбында халықаралық демонстрациялық жобалар сайысы жоғары деңгейде өткізілді.
Аталған сайыс болашақ электр энергетикасы саласының мамандарын даярлау, студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, теориялық білімді тәжірибемен ұштастыру және халықаралық тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды.
Сайысқа Түркия Республикасынан Анадолы лицейі, Джемал Мумтаз лицейі (Есшикер қаласы), сондай-ақ Қазақстан Республикасынан Орал политехникалық колледжі, Қызылорда қаласы бойынша Болашақ университетінің жоғары колледжі, Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі, Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі студенттері қатысып, өзара білім мен біліктілік тұрғысынан бақ сынасты.
Сайыс барысында қатысушылар электрмен жабдықтау жүйесін жобалау, монтаждау, қауіпсіздік талаптарын сақтау, инженерлік есептерді дәл әрі тиімді орындау бағытында өздерінің кәсіби дайындықтарын көрсетті. Студенттер өндірістік тәжірибе кезеңінде меңгерген білімдерін AutoCAD бағдарламасы арқылы нақты жобалар түрінде ұсынып, заманауи инженерлік ойлау қабілеттерін дәлелдеді.
Сайыс қорытындысы бойынша: І орын – Наурызбай Нұрмұхаммед
Жетекшісі: Қожасбаева Гаухар Ибаділдақызы
(Халықаралық ORDA жоғары колледжі)
ІІ орын – Бақберген Нурасыл
Жетекшісі: Қалмағанбетова Маржан
(Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі)
 ІІІ орын – Райымбеков Аяп
Жетекшісі: Жанзакова Сандуғаш
(Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі)
 ІІІ орын – Берікұлы Заңғар
Жетекшісі: Кенжебаева Индира
(Орал политехникалық колледжі)
 Сертификат – Смайылов Айбек
Жетекшісі: Ибадилдаев Бағлан
(Болашақ университетінің жоғары колледжі)
Бұл сайыс техникалық мамандықтар апталығы аясындағы мазмұнды іс-шаралардың бірі болды.
Барлық қатысушылар мен жетекшілерге шығармашылық табыс, кәсіби биіктер мен толағай жетістіктер тілейміз!