СТАЛКИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ – ҚАУІПСІЗ БІЛІМ ОРТАСЫНЫҢ КЕПІЛІ
18 ақпан күні Халықаралық ORDA жоғары колледжінің 1–4-курс студенттері арасында «Сталкингтің алдын алу» тақырыбында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары өткізілді.
Кездесуді колледж педагог-психологы Асанова Дина Казыбаевна ашып, сталкингтің мәні мен оның алдын алудың маңыздылығына тоқталды.
Шараға арнайы шақырылған Қызылорда облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы жанындағы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Туысбаева Лейла Бектургановна сталкингтің құқықтық аспектілерін түсіндіріп, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы нақты ақпарат берді.
Аталған бөлімнің инспекторы, полиция майоры Искакова Гулзира Қуатбековна қызметтік тәжірибесіне сүйене отырып, өмірлік мысалдар келтіріп, құқық қорғау органдарына дер кезінде жүгінудің маңызын атап өтті.
Сонымен қатар, Облыстық психологиялық қолдау орталығы психологы Бабаомарова Гүлдана Ергешбайқызы «Сен жалғыз емессің!» қағидатын негізге алып, психологиялық қолдаудың рөлі мен дағдарыс жағдайында мамандарға жүгіну қажеттігін түсіндірді.
Іс-шара студенттердің құқықтық және психологиялық сауаттылығын арттыруға, қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған маңызды профилактикалық жұмыс ретінде өтті.
