• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 19.02.2026
  • 3

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ЖАУАПТЫ ҰРПАҚ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ БАСТАУЫ

Қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігі – әр азаматтың заңға деген құрметінен басталады. Осы бағытта ГЖ-9-15г оқу тобымен «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында бүгінгі таңда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – білім беру ұйымдарының маңызды міндеттерінің бірі екені атап өтілді. Қылмыстың алдын алу тек жазалау шараларымен емес, ең алдымен құқықтық сауаттылықты арттыру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және жеке жауапкершілікті нығайту арқылы жүзеге асатыны түсіндірілді.
Тәрбие сағатында құқық бұзушылық ұғымы, оның түрлері, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік мәселелері жан-жақты талқыланды. Студенттер нақты өмірлік жағдайлар негізінде ой бөлісіп, құқыққа қарсы әрекеттердің салдары туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, заң талаптарын білу мен сақтау – әрбір азаматтың міндеті екені ерекше айтылды.
Ұйымдастырушы: Г.Н. Мергенова.