СЕНІМ МЕН СЫЙЛАСТЫҚ – ОТБАСЫ БЕРЕКЕСІНІҢ БАСТАУЫ
Адам өміріндегі маңызды шешімдердің сапасы көбіне оның қандай ортада тәрбиеленгеніне және кімнің ақыл-кеңесіне жүгінетініне байланысты. Осы бағытта ШТ-9-15г оқу тобында «Отбасы құндылығы – саналы таңдау негізі» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында студенттер ата-анамен өзара сенімді қарым-қатынас орнатудың тұлғалық дамуға әсері, отбасының моральдық қолдауы мен өмірлік тәжірибесінің маңызы туралы ой бөлісті. «Сенім» ұғымы тек қарым-қатынас негізі ғана емес, болашаққа нық қадам жасауға мүмкіндік беретін рухани тірек екені атап өтілді.
Топтық жұмыстар мен жағдаяттық тапсырмалар арқылы білім алушылар түрлі өмірлік жағдайларды талдап, маңызды шешімдер қабылдау кезінде ата-ананың ақыл-кеңесіне жүгінудің артықшылықтарын саралады. Ашық диалог форматында өткен талқылау студенттердің өз пікірін еркін білдіруіне және отбасы ішіндегі сыйластық пен түсіністіктің құндылығын терең сезінуіне ықпал етті.
Топ жетекшісі: Казиева А.Н.
