САНАЛЫ ТАМАҚТАНУ – САУ ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ
Денсаулық – әр адамның ең басты байлығы, ал оны сақтау мен нығайту дұрыс тамақтанудан басталады. Осы орайда Т 9-12г және ДШ-9-13г оқу топтарында «Денсаулықты сақтаудағы және нығайтудағы тамақтанудың мәні» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатында студенттер тамақтанудың негізгі қағидалары, дәрумендер мен минералдардың ағзаға әсері, күнделікті ас мәзірін дұрыс құру жолдары туралы жан-жақты ақпарат алды. Үйлесімді тамақтанудың шарттары – уақтылы тамақтану, тағамның алуан түрлілігі, мөлшерін сақтау және зиянды тағамдардан бас тарту – талқыланды. Сонымен қатар, фастфуд, газды сусындар мен тәтті тағамдарды шамадан тыс тұтынудың зияны да нақты мысалдармен көрсетілді.
Іс-шара сұрақ-жауап, топтық жұмыс, пайдалы және зиянды тағамдарды ажырату тапсырмалары, жағдаяттық талдау және пікірталас әдістері арқылы ұйымдастырылды. Студенттер дұрыс тамақтанудың иммунитетті күшейтудегі, оқу үлгерімін арттырудағы және түрлі аурулардың алдын алудағы рөлін талқылады.
Күтілетін нәтижелер:
Студенттер дұрыс тамақтанудың маңызын түсінеді;
Пайдалы және зиянды тағамдарды айыра алады;
Өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға үйренеді;
Салауатты өмір салтын ұстануға ынталанады.
Топ жетекшісі: Баймбетов Н.Т.
