КҮШ ЖӘНЕ ОНЫ ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» – ТӘЖІРИБЕ МЕН БІЛІМ ҮНДЕСТІГІ
Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінде «Дене тәрбиесі және жалпы білімдік пәндер» бөлімі ұйымдастырған «Интеллект пен Қозғалыс Синергиясы» апталығы аясында арнайы пән оқытушысы Мұратбаев Ғани Амандықұлы «Күш және оны дамыту әдістемесі» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында студенттер күш ұғымы, оның түрлері мен дамыту әдістері туралы жан-жақты білім алды. Теория тәжірибемен ұштасып, білім алушылар дене қуаты қасиеттерін талдап, жаттығулар кешенін құрастырып, топтық жұмыстар арқылы өз идеяларын ұсынды.
«Біріккен сабақ» әдісі арқылы бұрынғы білім мен жаңа тақырып байланыстырылып, студенттердің танымдық деңгейін арттыруға мүмкіндік берілді. Олар күшті дамыту тәсілдерін тәжірибе жүзінде орындап, дағдыларын қалыптастырды.
Сабақ нәтижесінде білім алушылардың пәнге қызығушылығы артып, өзара ынтымақтастық, жауапкершілік және салауатты өмір салтына деген көзқарасы нығая түсті.
