• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 14.04.2026
  • 20

ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА – ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ НЕГІЗІ

Халықаралық “ORDA” жоғарғы колледжінде тәрбие жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.
Осы бағытта АК-9-15г оқу тобының студенттеріне “Құқық бұзушылықтың алдын алу” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шара барысында білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын түсіндіру және жауапкершілік сезімін қалыптастыру мәселелері кеңінен қамтылды.
Тәрбие сағаты кезінде құқық бұзушылықтың алдын алу ұғымы жан-жақты түсіндіріліп, оның қоғамдағы маңыздылығы атап өтілді. Студенттерге заңға қайшы әрекеттердің салдары, тәртіп бұзушылық пен қылмыстың алдын алу жолдары нақты мысалдар арқылы баяндалды. Сонымен қатар, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және әрбір азаматтың өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауы қажеттігіне ерекше назар аударылды.
Іс-шара барысында құқық бұзушылықтың негізгі себептері талқыланып, жаман әдеттердің (темекі, ішімдік, агрессия) алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Білім алушылар өз ойларын ортаға салып, тақырып аясында белсенділік танытты.
Аталған тәрбие сағаты жастардың құқықтық санасын қалыптастыруға, заңды құрметтеуге және қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті нығайтуға ықпал ететін маңызды тәрбиелік шаралардың бірі болды.
Тәрбие сағатын ұйымдастырып, өткізген топ жетекшісі – Садықова Айгерім Шахзадақызы.