• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 14.04.2026
  • 37

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АЯСЫНДАҒЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы білім беру саласындағы әріптестік нығая түсті. Осы бастама шеңберінде 5-11 сәуір аралығында Қызылорда қаласындағы Халықаралық «ОРДА» жоғары колледжі көршілес елден келген әріптестерді қабылдады.
Іс-шара барысында Қырғызстан Республикасының Бішкек музыкалық-педагогикалық институтынан арнайы келген оқытушылар мен студенттер құрамы тәжірибе алмасудан өтті. Бір апталық бағдарлама аясында тараптар оқу үдерісінің тиімді әдістемелерін талқылап, іс-тәжірибелік дағдыларын ортаға салды.
Қырғыз елінен келген мамандар танымдық және тәжірибелік бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырып, білім беру саласындағы озық тәжірибелерін, заманауи тәсілдерін және кәсіби көзқарастарын ортаға салды. Бұл өз кезегінде білім алушылар мен оқытушылар үшін жаңа серпін беріп, тәжірибе алмасудың тиімді алаңына айналды.
Іс-сапар барысында қонақтарға колледждің білім беру жүйесі, оқу үдерісінің ұйымдастырылуы, заманауи оқыту технологиялары мен цифрлық мүмкіндіктері кеңінен таныстырылды. Делегация мүшелері түрлі бағыттағы ашық сабақтарға, семинарлар мен тренингтерге қатысып, педагогикалық тәжірибе мен әдістемелік жаңашылдықтармен танысты.
Сонымен қатар, ғылыми-танымдық іс-шаралар аясында білім алушылардың зерттеу жұмыстары, пәндік олимпиадалар мен конференциялар көрсетіліп, білім сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар ұсынылды. Қонақтар колледждегі кәсіби бағдар беру жүйесімен, тәжірибе базаларымен байланыс орнату тәжірибесімен де танысты.
Бағдарлама барысында мәдени-рухани құндылықтарды дәріптейтін іс-шаралар да назардан тыс қалмады. Ұлттық өнер мен салт-дәстүрге негізделген кештер, зияткерлік ойындар мен шығармашылық жұмыстар қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Спорттық бағыттағы шаралар да делегация назарына ұсынылып, студенттердің белсенді өмір салты мен командалық жұмыс дағдылары айқын көрініс тапты.
Аталған кездесу екі ел арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға, өзара тәжірибе алмасуға және жаңа бастамаларды жүзеге асыруға берік негіз қалады.