• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 03.06.2026
  • 21

ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ – БІЛІМ САПАСЫНЫҢ КЕПІЛІ

2026 жылғы 25 мамыр мен 05 маусым аралығында «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жалпы білім беретін пәндер педагогтеріне арналған біліктілікті арттыру курсы өткізілуде.
«Білім берудегі заманауи технологиялар: техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы жалпы білім беру пәндері педагогтерінің құзыреттілігін арттыру» тақырыбындағы курс педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіруге, инновациялық педагогикалық тәжірибелерді меңгеруге және заманауи білім беру талаптарына бейімделуіне бағытталған.
Аталған курсты Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінің әдіскері, «Talap» КЕАҚ-тың штаттан тыс тренері, колледж директорының оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Гүлшара Дүйсенбайқызы Тажикова жүргізуде.
Курс Түркістан қаласындағы «Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжі» мемлекеттік мекемесінің базасында ұйымдастырылып, оған техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері қатысуда.
Оқу бағдарламасы аясында қатысушылар заманауи білім беру технологияларын тиімді қолдану жолдарын меңгеріп, цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану тәжірибесін жетілдіруде. Сонымен қатар STEM білім беру, жобалық оқыту, soft skills дағдыларын дамыту, академиялық адалдық қағидаттарын сақтау және жасанды интеллект құралдарын оқу үдерісіне кіріктіру мәселелері жан-жақты қарастырылуда.
Курс барысында теориялық білім мен практикалық тәжірибе ұштастырылып, педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға, білім беру сапасын жақсартуға және оқыту үдерісін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін тиімді әдістер ұсынылуда