АТА-АНАЛАРМЕН «ПСИХИКАЛЫҚ САУЛЫҚТЫ САҚТАУ: АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
3 маусым күні Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінде ата-аналарға арналған «Психикалық саулықты сақтау: алдын алу және қолдау» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Кездесудің басты мақсаты – ата-аналардың психикалық денсаулық мәселелері бойынша сауаттылығын арттыру, жасөспірімдердің эмоционалдық жағдайын түсінуіне қолдау көрсету және суицидтің алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізу болды.
Іс-шараға Қызылорда облыстық психологиялық қолдау орталығының мамандары қатысты:
Кездесуді колледж психологы Д. Асанова ашып, қазіргі қоғамдағы психикалық саулықтың маңыздылығына тоқталды.
Мамандар ата-аналарға жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктері, күйзеліс пен эмоционалдық қиындықтардың белгілері, баламен сенімді қарым-қатынас орнату жолдары, суицидалды мінез-құлықтың алдын алу және психологиялық көмекке жүгіну мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берді.
Кездесу барысында ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан кәсіби кеңестер алды. Сондай-ақ бала тәрбиесіндегі эмоционалдық қолдаудың рөлі, отбасыдағы жылы қарым-қатынастың маңызы және қиын жағдайларда дер кезінде маман көмегіне жүгінудің қажеттілігі кеңінен түсіндірілді.
Іс-шара соңында ата-аналарға психологиялық қолдау қызметтері мен сенім телефондары туралы мәліметтер беріліп, бала психикалық саулығын сақтау – отбасы мен білім беру ұйымының ортақ жауапкершілігі екені атап өтілді.
