• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 09.06.2026
  • 19

ҚОЛДАНБАЛЫ БАКАЛАВРИАТ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША ЛИЦЕНЗИЯ АЛЫНДЫ!

Халықаралық ORDA жоғары колледжі білім беру сапасын арттыру және студенттерге үздіксіз білім алу мүмкіндігін ұсыну бағытындағы маңызды қадамдардың бірін жүзеге асырды.
Колледж келесі қолданбалы бакалавриат білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік лицензияға ие болды:
 06120200 – Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
5AB06120201 – Ақпараттық қауіпсіздіктің қолданбалы бакалавры
 06130100 – Бағдарламалық қамтамасыздандыру (түрлері бойынша)
5AB06130101 – Бағдарламалық қамтамасыздандырудың қолданбалы бакалавры
 06120100 – Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша)
5AB06120101 – Есептеу техникасы және ақпараттық желілердің қолданбалы бакалавры
 07140300 – Робототехника және кірістірілетін жүйелер (салалар бойынша)
5AB07140301 – Робототехника және кірістірілетін жүйелердің қолданбалы бакалавры
Бұл лицензия колледж түлектеріне өз білімін жаңа деңгейде жалғастыруға мүмкіндік береді. Енді 11-сынып түлектері аталған бағыттар бойынша қолданбалы бакалавриат бағдарламаларына оқуға түсе алады.
Сонымен қатар, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын бітірген түлектер де өз мамандықтары бойынша оқуын жалғастырып, қолданбалы бакалавр дәрежесін алу мүмкіндігіне ие болады.
Қолданбалы бакалавриат бағдарламасын аяқтағаннан кейін білім алушылар жоғары оқу орындарында оқуын жалғастырып, бакалавр дәрежесін алу үшін университетте 3 жыл білім ала алады.
Бұл – еңбек нарығында сұранысқа ие заманауи мамандықтар бойынша кәсіби біліктілікті арттыруға, мансаптық мүмкіндіктерді кеңейтуге және білім берудің сабақтастығын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды мүмкіндік.
Халықаралық ORDA жоғары колледжі – сапалы білім мен кәсіби дамудың сенімді жолы!