• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 22.06.2026
  • 41

«WORLDSKILLS QYZYLORDA – 2026» ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ORDA ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ҮЗДІК НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ

Қызылорда қаласында өткен «WorldSkills Qyzylorda – 2026» облыстық кәсіби шеберлік чемпионаты өз мәресіне жетіп, үздік қатысушылар марапатталды.
Биылғы чемпионат барысында қатысушылар өндіріс, қызмет көрсету және ақпараттық технологиялар бағыттары бойынша 23 құзыреттілік аясында өзара бақ сынап, кәсіби біліктіліктері мен шығармашылық әлеуеттерін көрсетті.
Халықаралық ORDA жоғары колледжінің студенттері чемпионатта жоғары нәтиже көрсетіп, бірқатар құзыреттіліктер бойынша жүлделі орындарға ие болды.
 І орын иегерлері:
 «Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша – Қанибайұлы Ғалымбек
 «Веб-технологиялар» құзыреттілігі бойынша – Диханғали Ерназ Серікұлы
 «Желілік және жүйелік әкімшілендіру» құзыреттілігі бойынша – Степанков Кирилл Алексеевич
 «Компьютерлік ойындарға арналған 3D модельдеу» құзыреттілігі бойынша – Утетлеуов Руслан Сағындықұлы
 «Электроника» құзыреттілігі бойынша – Айдарбек Ахмет
 «Мобильді робототехника» құзыреттілігі бойынша командалық сайыста – Бижан Айберген Бегімұлы мен Төребеков Әділжан Сайранбекұлы
 «Бизнеске арналған ІТ шешімдер» құзыреттілігі бойынша – Жаңбырбай Айдын
 ІІ орын иегері:
 «Бизнеске арналған ІТ шешімдер» құзыреттілігі бойынша – Дарменова Гүлім
 ІІІ орын иегерлері:
 «Бизнеске арналған ІТ шешімдер» құзыреттілігі бойынша – Байдаулетов Даулет
 «Кірпіш қалау» құзыреттілігі бойынша – Серікбай Айбол Мырзаханұлы
Жеңімпаздарымыз алдағы республикалық іріктеу кезеңінде Қызылорда облысының намысын қорғайтын болады.
Халықаралық ORDA жоғары колледжінің талантты студенттерін шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге республикалық кезеңде толағай табыс, жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!
Білім мен кәсібилік тоғысқан жерде – үлкен жетістіктерге жол ашылады!