• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 27.06.2026
  • 42

БОЛАШАҚҚА ЖАРҚЫН ҚАДАМ: САЛТАНАТТЫ ДИПЛОМ ТАПСЫРУ КЕШІ ӨТТІ

Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінде 2025–2026 оқу жылының түлектеріне арналған «Болашаққа жарқын қадам» атты салтанатты диплом тапсыру рәсімі өтті. Төрт жыл бойы алған білімдерін дәлелдеп, үлкен өмірге қанат қаққан түлектер үшін бұл кеш ұмытылмас сәттерге толы болды.
Биыл колледжді 603 түлек сәтті аяқтады. Оның ішінде 32 түлек қызыл диплом иегері атанып, оқу барысында көрсеткен үздік жетістіктері үшін ерекше марапатталды. Сондай-ақ 592 студент күндізгі бөлімді, 11 студент сырттай бөлімді тәмамдап, өз мамандықтары бойынша кәсіби өмірге жолдама алды.
Салтанатты жиынның құрметті қонағы – мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Бақтиярұлы түлектерге жүрекжарды лебізін білдіріп, өмірдің жаңа белесіне қадам басқалы тұрған жастарға ақ жол тіледі. Ол өз сөзінде сапалы білімнің қоғам дамуы үшін маңызын атап өтіп, еліміздің ертеңі білімді, еңбекқор әрі жауапкершілігі жоғары жастардың қолында екенін ерекше айтты. Сонымен қатар әрбір түлекке өз мамандығын сүйіп, ел игілігі жолында адал қызмет етуге шақырды.
Жиын барысында колледж басшылығы мен кеш қонақтары түлектерге дипломдарын табыстап, олардың болашақтағы жетістіктеріне сенім білдірді. Үздік түлектер марапатталып, ата-аналар мен ұстаздарға алғыс сөздер айтылды. Мерекелік концерттік бағдарлама кештің сәнін келтіріп, әсерлі музыкалық нөмірлер мен шығармашылық қойылымдар қатысушыларға ерекше көңіл күй сыйлады.
Түлектеріміз алған білімдерін ел игілігіне жұмсап, кәсіби шеберлігімен қоғамның дамуына өз үлестерін қосатынына сеніміміз мол.
Жаңа өмір жолдарыңыз сәтті басталып, армандарыңыз орындала берсін, түлектер!!