• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 24.10.2026
  • 50

РЕСПУБЛИКАМ — МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ, МЕРЕЙІМ!

25 қазан – Республика күніне орай Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінде «Республикам — менің мақтанышым, мерейім!» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шарада колледж директоры А. Сейтжанов құттықтау сөз сөйлеп, Республика күнінің ел тарихындағы маңызына тоқталды. Сонымен қатар білім беру мен колледждің дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға мерекелік марапаттар табысталып, олардың еңбегіне құрмет көрсетілді.
Мерекелік кеш ел тарихына құрмет, туған жерге сүйіспеншілік және ұлттық құндылықтарға адалдық идеяларын дәріптеді. Мерекелік бағдарлама білім алушылардың өнерін танытып қана қоймай, олардың бойындағы отансүйгіштік рухты нығайтуға ықпал етті.
Тәуелсіз еліміздің тұғыры биік, бірлігі бекем, болашағы жарқын болсын! Көк байрағымыз әрдайым асқақтап, Қазақстанымыздың мерейі үстем болғай!
Республика күні құтты болсын!