• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 28.09.2026
  • 25

КӘСІБИ БАҒДАР: КӘСІБИ ДАМУДЫҢ КЕЛЕСІ БЕЛЕСІ – ЖОҒАРЫ БІЛІМ

Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінде IT бағытында білім алатын студенттер мен олардың ата-аналарына арналған кәсіби бағдар беру кездесуі өтті.
Кездесудің мақсаты – студенттерге колледжден кейін жоғары оқу орнында білімін жалғастыру мүмкіндіктерін таныстырып, болашақ кәсіби бағытын дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру.
Іс-шараға БҚ-9-13г, БҚ-9-33г, ЕТ-9-13г, ЕТ-9-33г, ПО-9-23, АҚ-9-33г, АҚ-9-13г, АҚ-14г, БҚ-9-53г және БҚ-56 оқу топтарының студенттері мен ата-аналары қатысты.
Кездесудің арнайы қонағы – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Рекрутинг және мансап» орталығының әдіскері Арыстанбек Абай Русланұлы жоғары оқу орнына түсу тәртібі, қабылдау талаптары, тестілеу пәндері мен мерзімдері туралы толық ақпарат берді.
Кездесу барысында студенттердің білім алу жолын алдын ала жоспарлауы, мамандыққа сәйкес білім беру бағдарламасын таңдауы және қабылдау талаптарына уақытылы дайындалуының маңыздылығы айтылды. Сонымен қатар ата-аналарға балаларының білімін жалғастыру мүмкіндіктері түсіндірілді.
Осындай кездесулер білім алушылардың кәсіби бағдарын айқындап, болашаққа сенімді қадам жасауына ықпал етеді.
Мазмұнды ақпарат беріп, кәсіби бағдар жұмысына үлес қосқан Арыстанбек Абай Русланұлына алғыс білдіреміз!