• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 30.10.2026
  • 35

КӘСІБИ БАҒДАР – БОЛАШАҚҚА БАСТАР СЕНІМДІ ЖОЛ

Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінде білім алушылардың кәсіби дамуына қолдау көрсету, олардың жоғары білім алу мүмкіндіктерін кеңейту және болашақ мансабын саналы жоспарлау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.
Осы бағытта колледж директорының оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары Бекенова Айнұр Ерталапқызының ұйымдастыруымен заңгерлік және педагогикалық мамандықтар бойынша білім алып жүрген ҚТ-9-13г, ШТ-9-13г, И-9-13г, ДШ-9-13г және З-9-13 оқу топтарының студенттеріне арналған кәсіби бағдар беру кездесуі өтті.
Кездесуге Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Рекрутинг және мансап» бөлімінің әдіскері Арыстанбек Абай Русланұлы қатысып, студенттерге жоғары оқу орнында білімін жалғастыру мүмкіндіктері, мамандық бойынша кәсіби өсу жолдары және еңбек нарығындағы заманауи талаптар туралы маңызды ақпарат берді.
Кездесу барысында колледжден кейінгі білім алу бағыттары, жоғары оқу орнын таңдауда ескерілетін мәселелер және болашақ маманның кәсіби біліктілігін арттырудың маңызы сөз болды. Студенттер өздерінің алдағы оқу жоспарын айқындап, кәсіби мүмкіндіктері туралы кеңірек мәлімет алуға мүмкіндік алды.
Бүгінгі еңбек нарығында дипломмен қатар үздіксіз білім алуға ұмтылу, жаңа технологияларды меңгеру, кәсіби ортаға бейімделу және өз саласында бәсекеге қабілетті болу аса маңызды. Әсіресе, болашақ заңгерлер үшін құқықтық сауаттылық пен заманауи құқықтық үдерістерді түсіну, ал педагогтер үшін жаңа оқыту әдістерін меңгеріп, білім беру саласындағы өзгерістерге бейімделу үлкен мәнге ие.
Халықаралық «ORDA» жоғары колледжі өңірдегі жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты нығайту арқылы білім алушылардың білімін жалғастыруына, кәсіби бағдарын айқындауына және болашақ мансабына сенімді қадам жасауына жағдай қалыптастыруды маңызды міндеттердің бірі санайды.
Өйткені сапалы білім – кәсіби қалыптасудың негізі, ал саналы таңдау – жарқын болашаққа бастайтын алғашқы қадам.