КОЛЛЕДЖДЕН УНИВЕРСИТЕТКЕ ҚАДАМ
29 қазанда Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінде бітіруші түлектерге арналған кәсіби бағдар беру кездесуі өтті.
Кездесуге Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің кәсіби бағдар беру жұмысы және қабылдау бөлімінің жетекшісі Жанияров Кабибулла Кенжеевич қатысып, студенттерге жоғары оқу орнында білімін жалғастыру мүмкіндіктерін таныстырды.
Кездесу барысында университет мамандықтары, білім беру бағдарламалары мен қабылдау талаптары түсіндірілді. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, болашақ білім бағытын таңдауға қатысты пайдалы ақпаратпен танысты.
Бүгінгі таңда колледжден кейін жоғары оқу орнында білімін жалғастыру – кәсіби дамудың маңызды кезеңдерінің бірі. Осындай кездесулер жастардың жаңа мүмкіндіктерді танып, еңбек нарығында сұранысқа ие маман ретінде қалыптасуына бағыт береді.
Халықаралық «ORDA» жоғары колледжі білім алушылардың кәсіби өсуіне, білімін үздіксіз жетілдіруіне және жоғары білімге қадам басуына қолдау көрсетуді жалғастырады.
Кездесуге арнайы келіп, түлектерімізге пайдалы ақпарат пен кәсіби бағыт-бағдар берген Кабибулла Кенжеевичке алғыс білдіреміз!
