• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 31.10.2026
  • 38

ЖАТАҚХАНА АУМАҒЫНДАҒЫ ТӘРТІП ПЕН ҚАУІПСІЗДІК

Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінің жатақханасында студенттер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіз өмір сүру мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Жатақхана – тәртіп пен қауіпсіздік аумағы» тақырыбында түсіндірме кездесуі ұйымдастырылды.
Кездесуге құқық қорғау органдарының өкілдері, облыстық жастар ресурстық орталығы мен мәдениет үйінің мамандары қатысып, жатақхана тұрғындарымен маңызды мәселелер бойынша пікір алмасты.
Кездесу қонақтары:
• Ахметова Ляззат Сундетовна – ҚПБ ҚҚб ЮПб бастығы, полиция подполковнигі;
• Романов Батырбек – ҚПБ ҚҚб ЮПб бастығының орынбасары, полиция майоры;
• Осипов Нұрболат Қайсарбекұлы – ҚПБ ҚҚб ЮПб УПИ-ры, полиция майоры;
• Нәлібаев Әлихан Серікұлы – Облыстық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы;
• Ермағанбетова Жанар – А. Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінің Жастармен жұмыс ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі.
Кездесу барысында студенттерге құқық бұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау, жеке және қоғамдық қауіпсіздік мәселелері кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, электр құралдарын дұрыс пайдалану, жатақхананың ішкі тәртіп талаптарын орындау, бөгде адамдардың кіруіне жол бермеу және тыныштық уақытын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар жатақханадағы ортақ мүлікке ұқыпты қарау, тазалықты сақтау, өзара сыйластық пен жауапкершілік таныту – қауіпсіз әрі жайлы ортаның негізгі шарттары екені айтылды.
Қонақтар жастарға құқықтық сауаттылықтың маңызын түсіндіріп, әрбір студенттің өз әрекетіне жауапкершілікпен қарауы қажеттігін атап өтті. Студенттер де өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті мамандардан пайдалы кеңестер алды.
Халықаралық «ORDA» жоғары колледжі студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқықтық мәдениетін арттыруға және тәрбиелік бағыттағы профилактикалық жұмыстарды жүйелі жүргізуге жүйелі мән береді.