РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУ МАРАФОНЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты мен Қызылорда «Болашақ» университетінің ұйымдастыруымен қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы Сайын Мұратбековтің 90 жылдық мерейтойына орай өткізілген республикалық оқу марафонында Мардан Луиза Нұрланқызы І дәрежелі дипломмен марапаттанып, жеңімпаз атанды! 
Сонымен қатар, жеңімпазға 100 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталды.
Жас оқырманның осындай республикалық деңгейдегі байқауда топ жарып, колледж абыройын асқақтатуы – біз үшін үлкен мақтаныш!
Жеңімпазды дайындап, бағыт-бағдар берген жетекшісі Орынбасар Тұрсынай Орынбасарқызына да алғыс білдіреміз.
Мардан Луиза Нұрланқызын жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да білім мен ізденіс жолында биік белестерді бағындырып, шығармашылық және зияткерлік сайыстарда толағай табыстарға жете беруіне тілектеспіз!
Жеңісіңіз құтты болсын! Кітаппен дос, біліммен биік болыңыз!
