• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 03.11.2026
  • 16

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

Халықаралық «ORDA» жоғары колледжі білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, халықаралық білім беру кеңістігіне интеграциялану және шетелдік оқу орындарымен тәжірибе алмасу бағытындағы жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда.
Осы мақсатта колледж білім алушылары мен оқытушыларының Қырғыз Республикасындағы Т. Эрматов атындағы Бішкек музыкалық-педагогикалық институтында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында тағылымдамадан өтуі жоспарлануда.
2026 жылғы 26 қазан мен 10 қараша аралығына жоспарланған тағылымдама барысында қатысушылар 72 сағаттық офлайн оқу сабақтарына қатысып, кәсіби білімдері мен практикалық дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік алады.
Бағдарламаға арнайы пән оқытушылары Казиева Аяна Нағымжанқызы, Кушек Меруерт Сардарқызы және «Шетел тілі мұғалімі» мамандығы бойынша білім алатын 8 студент қатысады.
Тағылымдама аясында қатысушылар 72 сағаттық офлайн сабақтарға қатысып, кәсіби білімдері мен практикалық дағдыларын жетілдіреді. Сонымен қатар оқу орнының материалдық-техникалық базасымен танысып, халықаралық білім беру тәжірибесін меңгеруге мүмкіндік алады.
Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары – бірлескен білім беру бағдарламаларын дамыту, қос диплом және гранттық оқу мүмкіндіктерін қарастыру, оқытушылар мен студенттердің тәжірибе алмасуын ұйымдастыру, ғылыми-практикалық конференциялар өткізу.
Бұл бастама Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы білім беру байланыстарын кеңейтіп, халықаралық тәжірибе алмасуға және кәсіби дамуға жаңа мүмкіндіктер ашады.
ORDA – сапалы білім мен халықаралық ынтымақтастық жолында!