ГЕРМАНИЯЛЫҚ САРАПШЫМЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ
2026 жылғы 19 қазан мен 6 қараша аралығында Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінде Германияның SES (Senior Expert Service) халықаралық сарапшылар қызметінің сарапшысы, инженер Антон Крист «Техникалық мамандықтар» бірлестігінің оқытушыларына арналған үш апталық кәсіби оқыту курсын өткізді.
Оқыту барысында мехатроника мамандығының ерекшеліктеріне басымдық беріліп, оқытушыларға өндірістік процестерді автоматтандыру, бағдарламалау және заманауи техникалық жабдықтармен жұмыс істеу бойынша теориялық білім мен практикалық дағдылар ұсынылды.
Сарапшы Антон Крист өндірістік автоматтандыру жүйелерінің жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп, заманауи технологияларды оқу үдерісінде қолдану жолдарын көрсетті. Сонымен қатар оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге, техникалық білім беру сапасын арттыруға бағытталған тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылды.
Үш апталық оқыту курсының қорытындысы бойынша бағдарламаға қатысқан барлық оқытушыларға арнайы сертификаттар табысталды.
Кездесу соңында инженер Антон Крист колледж ұжымын оқу орнының 25 жылдық мерейтойымен құттықтап, білім беру саласындағы еңбектеріне табыс, шығармашылық жетістіктер мен толағай табыстар тіледі.
Халықаралық сарапшылармен бірлескен мұндай кәсіби оқыту бағдарламалары оқытушылардың біліктілігін арттырып қана қоймай, озық шетелдік тәжірибені білім беру үдерісіне енгізуге, техникалық мамандықтарды заманауи талаптарға сай дамытуға мүмкіндік береді.
Халықаралық «ORDA» жоғары колледжі халықаралық ынтымақтастықты нығайту және білім сапасын жетілдіру бағытындағы жұмыстарын жалғастыра береді
