ЕКІ ЕЛ АРАСЫНДАҒЫ ДОСТЫҚ КӨПІРІ
5 қараша күні Қырғыз Республикасындағы Т. Эрматов атындағы Бішкек музыкалық-педагогикалық институтында тәжірибе алмасу сапарында жүрген Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінің студенттері мен оқытушылары Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға арналған «Қырғызстан – Қазақстан достық көпүрөсү» атты концерттік бағдарламаға қатысты.
Мәдени іс-шара колледж жатақханасының акт залында ұйымдастырылды. Концерттік бағдарлама барысында қатысушылар қырғыз халқының ұлттық мәдениетімен, салт-дәстүрімен, өнерімен танысып, екі халыққа ортақ рухани құндылықтардың маңызын сезінді.
Бағдарлама аясында студенттердің шығармашылық өнері ұсынылып, ұлттық ән мен би арқылы халықтар арасындағы мәдени жақындық пен өзара құрмет көрініс тапты.
Шараның негізгі мәні – екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту, ұлттық мәдени мұраны дәріптеу, жастар арасында өзара сыйластық пен түсіністікті қалыптастыру.
Осындай мәдени кездесулер студенттердің дүниетанымын кеңейтіп, өзге халықтардың тарихы мен дәстүріне құрметпен қарауға тәрбиелейді. Сонымен қатар халықаралық достық байланыстардың дамуына және жастар арасындағы мәдени қарым-қатынастың артуына ықпал етеді.
Қазақстан мен Қырғызстан – тарихы мен тағдыры сабақтас, тілі мен мәдениеті жақын бауырлас елдер. Екі халықтың достығы мен ынтымақтастығы – ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын ортақ құндылық!
