• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 10.11.2026
  • 5

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОЛЛЕДЖДЕРІНІҢ ҮЗДІК 100 СТУДЕНТІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!

Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінің 4-курс студенті Мардан Луиза Нұрланқызы «Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды!
Еліміздің техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алатын студенттер арасында өткен байқауда Луиза Нұрланқызы үздік жүздіктің қатарынан көрініп, жоғары нәтиже көрсетті. Осы жетістігі үшін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі. Ж. Сүлейменованың арнайы дипломымен марапатталды.
Жеңімпазға дипломмен қатар «Идеядан әрекетке: бүгіннен бастап көшбасшы болу» тақырыбындағы тренингке қатысқанын растайтын сертификат табысталып, 42 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы берілді.
Республикалық байқау жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі елорда – Астана қаласында өтті.
Сонымен қатар, студенттің жетекшісі Орынбасар Тұрсынай Орынбасарқызы да Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы атынан арнайы сертификатпен марапатталды. Аталған марапат оның республикалық байқау жеңімпазын дайындаған жетекші ретіндегі еңбегін айқындайды.
Бұл – студенттің білімге деген ұмтылысы, үздіксіз ізденісі мен табанды еңбегінің, сондай-ақ жетекшісінің кәсіби шеберлігі мен жүйелі қолдауының жемісі. Осындай жетістіктер колледжіміздің білім беру сапасы мен студенттердің шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту бағытындағы жұмыстарының нәтижесін көрсетеді.
Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінің ұжымы Мардан Луиза Нұрланқызын республикалық деңгейдегі лайықты жеңісімен, ал жетекшісі Орынбасар Тұрсынай Орынбасарқызын шәкіртінің биік белесті бағындыруына қосқан үлесі үшін шын жүректен құттықтайды!
Білім жолындағы ізденістеріңіз жемісті болып, алдағы уақытта да жаңа жетістіктерге жетіп, колледжіміздің абыройын асқақтата беріңіздер!
Жеңістеріңіз құтты болсын!