• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 11.11.2026
  • 5

«Ата-Бейит»

Бішкек қаласындағы «Ата-Бейит» ұлттық тарихи-мемориалдық кешенінің құрылғанына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылған тағылымдық шараға қырғыз елінде тағылымдамада жүрген Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінің студенттері мен оқытушылары қатысты.
Іс-шара аясында қатысушылар «Ата-Бейит» мемориалдық кешенінің тарихымен танысып, қырғыз халқының тарихындағы маңызды кезеңдер, ел тәуелсіздігі жолындағы күрес және саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы мәліметтер алды. Сонымен қатар мемориалдық кешеннің тарихи маңызы мен халық жадындағы орнына назар аударылды.
Тағылымдық кездесу өткен тарихты ұмытпай, тарихи оқиғалардан сабақ алу, жас ұрпақтың тарихи санасы мен отансүйгіштік көзқарасын қалыптастыру мақсатын қамтыды.
Мұндай іс-шаралар студенттердің тарихи танымын кеңейтіп, өзге халықтардың тарихы мен мәдениетіне құрметпен қарауға, ұлттар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететіні сөзсіз