• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 13.11.2026
  • 4

ЛУДОМАНИЯНЫҢ ЗИЯНЫ МЕН ЗАРДАПТАРЫ ТАҚЫРЫБЫНДА ТРЕНИНГ ӨТТІ

Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінде студенттер арасында құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу, лудоманияның зияны мен оның адам өміріне тигізетін кері әсері туралы түсіндіру мақсатында танымдық кездесу-тренинг ұйымдастырылды.
Іс-шараға облыстық психикалық денсаулық орталығының наркологиялық қызметі бойынша наркомания бөлімшесінің психологі Түлеубай Аяжан Алтынбекқызы арнайы қатысып, студенттерге лудоманияның пайда болу себептері, оның психологиялық және әлеуметтік зардаптары туралы кеңінен түсіндірді.
Тренинг барысында құмар ойындарға тәуелділіктің адамның психологиялық жағдайына, отбасылық қарым-қатынасына, қаржылық тұрақтылығына және болашағына тигізетін кері әсері сөз болды. Сонымен қатар тәуелділіктің алғашқы белгілерін анықтау, одан сақтану жолдары, бос уақытты тиімді ұйымдастыру және өз әрекетіне жауапкершілікпен қарау мәселелері қозғалды.
Кездесу интерактивті форматта өтіп, студенттер түрлі жаттығуларға қатысып, өз ойларын ортаға салды. Мамандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, тақырып аясында пайдалы кеңестер ұсынылды.
Іс-шараға директордың оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Нұрпейсов Болатбек Абдиевич және колледж психологі Асанова Дина Қазбайқызы қатысып, студенттерге құмар ойындардың алдамшы қызығушылығына ермеу, өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау және қиындық туындаған жағдайда мамандардың көмегіне жүгіну жөнінде ортақ ой-пікірлер мен пайдалы кеңестер ұсынды.
Мұндай кездесулер жастардың зиянды әдеттер мен тәуелділіктердің алдын алу жөніндегі сауаттылығын арттырып, саналы таңдау жасауына, жеке жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етеді