• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 13.11.2026
  • 15

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ORDA» ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТЕРІ «ТӘЛІМГЕРЛІК МЕКТЕБІ» КУРСЫНАН ӨТТІ

11–12 қараша күндері Абылай хан атындағы жоғары заманауи технологиялар және кәсіпкерлік колледжінде әлеуметтік серіктес ұйымдардың өндірістік тәлімгерлеріне арналған «Тәлімгерлік мектебі» оқыту курсы өтті.
Аталған оқытуға Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінің дуальді оқыту жүйесі бойынша ынтымақтастық орнатқан әлеуметтік серіктестерінің төрт өндірістік тәлімгері қатысты. Олар «ORDA SCHOOL», «VERTEX» және «БІЛІМ ШАМШЫРАҒЫ» білім беру мекемелерінде және “ЕР ТАРҒЫН” балабақшасында студенттердің өндірістік тәжірибесін ұйымдастыруға және кәсіби даярлығына жетекшілік етеді.
Оқыту курсын Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының мультипликаторы Жанар Алтаева жүргізді. Екі күндік бағдарлама барысында қатысушылар тәлімгерліктің заманауи әдістерін меңгеріп, студенттермен тиімді жұмыс жүргізу, оларды кәсіби ортаға бейімдеу, ынталандыру және өндірістік тәжірибені ұйымдастыру бағытында білімдерін жетілдірді.
Курс қорытындысы бойынша қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталып, олар «Атамекен» ҰКП тәлімгерлер тізіліміне енгізілді.
Бұл бастама Халықаралық «ORDA» жоғары колледжі мен әлеуметтік серіктестер арасындағы дуальді оқыту бағытындағы байланысты нығайтып, студенттердің кәсіби даярлығын арттыруға үлес қосатын тәлімгерлердің әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді