Кейбір жетістіктер уақытпен өлшенбейді, оның артында тұтас бір тарих жатады…
Бүгін мен үшін ерекше әрі жүрекке жылы тиетін күндердің бірі. Білім алған, үлкен өмірге алғашқы қадамымды жасаған Халықаралық «Orda» жоғары колледжінің 25 жылдық мерейтойына орай «Үздік түлек» медалімен марапатталдым.
Мен үшін бұл марапат — жай ғана медаль емес. Бұл — өткен жылдарға деген құрмет, ұстаздар еңбегіне деген алғыс және студенттік шақтың жарқын естелігі.
2004 жылы табалдырығын аттап, 2007 жылы түлегі атанған оқу орныммен мақтанамын!
