• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 16.11.2026
  • 8

IT ЗАҢГЕР ДӘРІСХАНАСЫ АШЫЛДЫ

Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінің 25 жылдық мерейтойы аясында колледж түлектерінің қатысуымен заманауи IT Lawyer (IT заңгер) дәрісханасының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Жаңа дәрісхана білім алушылардың кәсіби даярлығын жетілдіруге, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға және цифрлық құқық саласындағы құзыреттерін дамытуға бағытталған. Кабинет заманауи компьютерлермен, жоғары жылдамдықты интернетпен, мамандыққа қажетті арнайы бағдарламалармен, нормативтік-құқықтық актілер жинағымен және оқу әдебиеттерімен жабдықталған.
Бүгінде ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы құқық саласына да жаңа талаптар қойып отыр. Осыған орай бағдарламалық қамтамасыз етуді құқықтық сүйемелдеу, зияткерлік меншікті қорғау, киберқауіпсіздік, дербес деректерді өңдеу және цифрлық ортадағы құқықтық қатынастарды реттеу бағыттарын қамтитын IT-заңгер мамандығын колледжде ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Салтанатты рәсім барысында колледж түлектері өздері білім алған алтын ұяларына деген құрметі мен ризашылығын білдіріп, «Түлек лебіздері» журналына жүрекжарды тілектерін жазып қалдырды. Сонымен қатар студенттік жылдардағы естеліктерімен бөлісіп, өздерінің кәсіби қалыптасуына үлес қосқан ұстаздарға алғыстарын жеткізді.
Жаңа дәрісхана жас ұрпақтың сапалы білім алып, заманауи маман ретінде қалыптасуына қызмет ететін маңызды білім кеңістігіне айналсын!